скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Special version
  • Mobile version

You are here

Department activity

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен 2018 жылдың 9 айының ішінде атқарылған жұмыстар туралы

Ақпарат

 

Департаментпен 2018 жылдың 9 айының ішінде мемлекеттік қызмет өткеру, мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет өткеру

Мемлекеттік қызметшілер саны

Қазіргі таңда 643 мемлекеттік органдар өз қызметтерін атқарып отыр(152 немесе 23,6% орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, 491 немесе 76,4% жергілікті атқарушы органдар).

7адам, нақты 6адам(86%)жұмыс істейді.

«А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымында штат бойынша – 20 адам, нақты 19 адам (95%)жұмыс істейді.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының штаттық саны – 7236, нақты– 6461 адам, бұл89,3%құрайды.

Бос орындар – 775 бірлік немесе12%.

 

Конкурстық іріктеу

Ұлт жоспары: «10 нақты қадам» жоспарында қойылған міндеттердің бірі – меритократия қағидасын нығайту болып табылады. Департамент мемлекеттік қызметшілердің мансабын жоғарылату құқығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді.

Мәселен, жыл басынан бастап 2044бос лауазымдармен айналысуға838 конкурс жүргізілді. Бұған 2067 адам қатысты.

Ішкі конкурстар қорытындылары бойынша 463 жеңімпаздардың ішінде 310 мемлекеттік қызметші мансаптық жоғарылауға ие болдынемесе 67%(ЖАО -185жеңімпаз, оны ішінде жоғары тұрған лауазымға 147 адам тағайындалған немесе 79%, ОМОАБ – 278 жеңімпаз, оның ішінде жоғары тұрған лауазымға 163 адам тағайындалған немесе 59%).

Өткізілген барлық конкурстарға байқаушылардың қатысқанын айта кету керек, сол себепті конкурстық процедуралардың ашықтығы мен мөлдірлігі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымымен айналысуға конкурс өткізу Ережесіне сәйкес конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы ретінде мемлекеттік орган өкілдері қатыса алады.

Егер мемлекеттік орган қызметкері конкурс қатысушыларымен таныс болған жағдайда, бұл мүдделер жанжалына алып келуі мүмкін.

 

Мемлекеттік қызметшілердің ауысушылығы

Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау үшін мемлекет аппаратының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі таңда облыста жалпы алғанда кадрлардың тұрақтамау деңгейі тұрақтандырылды.

Жыл басынан бері мемлекеттік қызметшілердің жалпы ауысушылығы 1079 адамды құрады немесе мемлекеттік қызметшілердің штаттық санының 15%-ы.

Сонымен бірге, таза ауысушылық 380 адамды құрады немесе мемлекеттік қызметшілердің штаттық санының 5,3%-ы(ЖАО бойынша -194 немесе 5,1%, ОМОАБ – 186 немесе 5,4%).

Агенттіктің стратегиялық жоспары бойынша таза ауысушылық көрсеткіші 7,5%-дан аспауы тиіс.

 

Сынақ мерзімі

Мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлердің әлеуетін зерделеу мақсатында 3+3 формуласы бойынша міндетті түрде сынақ мерзімінен өту институты заңды түрде енгізілген.

Аталған норманы жүзеге асыру аясында 592 мемлекеттік қызметшіге сынақ мерзімі белгіленген. Оның ішінде 434 мемлекеттік қызметші немесе 73% сынақ мерзімінен сәтті өтті. Қазіргі таңда қалған158адам сынақ мерзімінен өтуде.

Тәлімгерлер тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны сынақ мерзімі белгіленген қызметшілердің жалпы санынан – 437немесе 73,8%құрайды.

 

Оқыту

Біздің еліміздің әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі бойынша Мемлекет басшысы қойған тапсырманы табысты жүзеге асырудың көбіне мемлекеттік аппараттың тиімді жұмысына байланысты екендігі ешкімге де құпия емес.

Осыған орай, кадрлардың біліктілігін арттыру мемлекеттік басқару саласы үшін әрқашанда өзекті міндет болып табылады және қалады.

Мәселен, жыл басынан бері а.ж. 9 айының ішінде оқуы тиіс қызметшілер қатарынан1235 адам қайта даярлау және біліктілігін арттыру курсынан өтті немесе 100%(оның ішінде, біліктілігін арттырудан 869 адам, қайта даярлау курсынан 366 адам өтті).

 

Тестілеу

Әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін 2473 адам тестілеуден өтті.

Оның ішінде 1265 адам немесе 51,2%-ы шекті мәннен өте алмады, 1208 адам шекті мәннен жоғары балл алды, бұл тестілеуден өткендердің жалпы санынан 48,8%-н құрайды (бұзушылықтарға байланысты тоқтатылғандардың саны – 3 (0,1%).

Құқық қорғау қызметінеорналасу үшін 2780 адам тестілеуден өтті.

Оның ішінде 1549 адам немесе 56,2%-ы шекті мәннен өте алмады, 1231 адам шекті мәннен жоғары балл алды, бұл тестілеуден өткендердің жалпы санының 43,5%-н құрайды (бұзушылықтарға байланысты тоқтатылғандарды саны – 10 (0,2%).

 

Тағылымдамадан өту

2018 жылдың 9 айының ішінде 154 қызметші тағылымдамадан өтуі тиіс болатын. Тағылымдамадан өтуге жататындардың санынан 154 мемлекеттік қызметшінің барлығы тағылымдамадан өтті, атап айтқанда:

82 немесе 53,2%ЖАО қызметшілері;

72 немесе 46,7% ОМОАБ қызметшілері.

 

Ротация

2018 жылы облыс әкімі аппаратымен бекітілген Ротациялау жоспарына сәйкес D-О-1 санатының 7 қызметшісі ротациялауға жатады, оның ішінде ағымдағы жылдың 9 айында 6 қызметші немесе 85,7%% (Ахметов С.Ш., Жилкибаев Ж.А., Кантарбекова Г.Х., Рыстин Н.Б., Агимбаев Е.М., Бегимов К.Б.) ротациядан өтуі тиіс болатын, оның ішінде 2-уі білімдері бойынша сәйкес келетін бос орындардың болмауымен байланысты 2017 жылдан ауысқандар (Рыстин Н.Б., Агимбаев Е.М.

Бұл ретте, Ротация ережесінің 39 тармағына сәйкес 5 қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартты және олардың лауазымдары ұзартылды, 1 қызметші «А» корпусының бос лауазымына тағайындалуымен байланысты резервтен шығарылды (Бегимов К.Б., облыс әкімінің 22.06.2018ж., №98-лс
өкімімен атқарып отырған энергетика және ТКШ басқармасының басшысы лауазымынан босатылып Жезқазған қаласының әкімі лауазымына тағайындалды («А» корпусы).

Төртінші тоқсанда 1 қызметші немесе 14,3% ротациялануға жатады (Шалмагамбетов А.Т.).

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылық

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

 

Біздің қызметіміздің тағы бір бағыты - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Бұл мәселедегі жетекші рөл сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, превентивті сипаттағы кешенді шараларға беріледі.

Мәселен, жыл басынан бері тұрғын үй қатынастары, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік кірістер сияқты салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 7 сыртқы талдау жүргізілді. Оның ішінде білім беру саласында 2 талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезінде талдауға қатысу үшін масс-медиа арқылы міндетті тәртіпте қоғам өкілдері, сарапшылар шақыртылды.

Сонымен қатар азаматтардың жүргізілген сыбайлас жемқорлық саясат туралы хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері республикалық және жергілікті БАҚ-да жарияланды.

Барлық жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 56 ұсыным берілді, соның ішінде қазіргі таңда бәрі орындалды(100%).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізінен персоналды басқару мәселелерінде, бақылау-рұқсат беру функцияларын жүзеге асыруда айқындалғанын, сондай-ақ мүдделер жанжалы жағдайларының да орын алғандығын айта кету қажет.

Айтылғанды растау үшін мынадай мысал келтіре кетуді жөн көріп отырмын. Орта-арнайы және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша жақын туыстардың бірге жұмыс істеуінің 16 фактісі айқындалды.

 

Әкімшілік істер

Стратегиямен көзделген сыбайлас жемқорлық шаралары қоғамның кеңінен ат салысуы арқылы жүргізілуі тиіс.Алайда, азаматтардың өздерінің заңды аттап өтетін жағдайлары кездеседі.

Мәселен, ағымдағы жылы облыстың мемлекеттік қызметшілеріне заңсыз ақшалай сыйлық ұсынғаны үшін 2 азамат 240500 теңге мөлшеріндегі айып түрінде ӘҚБК-нің 676 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған жағдайда осындай құқық бұзушылық туралы мемлекеттік қызметшілердің өздерінің хабарлауы облыстың мемлекеттік қызметшілерінің санасының өзгергендігінің көрнекті мысалы екендігін, сондай-ақ жалпы алғанда мемлекеттік аппарат азаматтар мен қоғамды оларға заңсыз сыйлықтар ұсынбауға шақыратындығын растайтындығын айта кеткім келеді.

Кездесулер, семинарлар, дөңгелек үстелдер

Кейбір жағдайларда жемқорлық әрекеттер жасау азаматтардың құқықтық сауаттылығының әлсіздігінің салдары болып табылады.

Азаматтардың құқық бұзушылық жасау фактілерін болдырмау мақсатында, біз халықтың арасында олардың жастарын және кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып аумақты түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Ағымдағы жылдың басынан бері біз азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған 800-ден астам іс-шаралар өткіздік. Шара барысында 70000-нан астам адам қамтылды.

Салыстырмалы түрде, 2017 жылы жалпы 28000 адамды қамтыған 330 кездесу өткізілді. Ағымдағы жылдың 9 айының ішінде аталмыш көрсеткіш 42%-ға ұлғайды.

Мәселен, бар 68 денсаулық сақтау ұйымдарының 64-де (94%),1156 білім беру ұйымдарының773-де(67%) түсіндіру семинарлары өткізілді, 638 мемлекеттік органның 495-де(78%).кездесулер өткізілді

 

БАҚ арқылы ағарту

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде біз масс-медианың біздің азаматтарымызда мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін қалыптастыруға өз үлесін қосуға қабілетті қуатты ақпараттық-идеологиялық құрал екендігін басшылыққа аламыз.

Осыған байланысты жыл басынан бері біз 101 телесюжет бердік (республ – 20), 117 жарияланым (республ – 19)және 66 авторлық мақала (республ – 10)жарияланды.

 

АдалҰрпақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс істеу түбегейлі маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру Бағдарламасын жүзеге асыру аясында рухани-адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбие астарында облыстың барлық мектептерінде (528 мектеп)«Адалұрпақ» клубтары ашылған және жұмыс істейді.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен»

Департаменттің бастамасы бойынша облыстағы ЖОО мен колледждерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен» жобасы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта облыстағы ЖОО мен колледждерде Департамент қызметкері туралы ақпараттар көрсетілген стенділер бар. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен»сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді және жетекшілік ететін оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг өткізу бойынша жұмыстар жүргізеді, өтінімдер қабылдайды, проблемалы мәселелерді шешеді, студенттермен сауалнамалар және кездесулер өткізеді.

Мысалы, «Агротехникалық колледж» КММ омбудсменімен аталған колледжде мүдделер жанжалы фактісі анықталды.

Аталмыш айқындалған фактінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді және тек бір Агротехникалық колледждің өзінде мүдделер жанжалының 11 фактісі анықталды.

 

Көрнекі-визуалдыағарту

Халықты көрнекі-визуалдыақпараттандыру үшін облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 163 баннер орналастырылды.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда баннер сандарының ұлғаюы 46%-ды құрады немесе 88 баннерге көп.

Жүргізілген ақпараттық жұмыстың тиімділігі ретінде мынадай мысалды келтіруге болады, облыс аудандарының бірінің тұрғыны өзінен полиция тергеушісі пара талап еткен кезде қайда барарын білмеген. Біздің баннерді көрген ол call-center-дің нөмірін терген және қазіргі уақытта полиция тергеушісі 3 жылға бас бостандығынан айрылып сотталды.

Халық көп өтетін орындарда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардабіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакаттар тараттық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтер трансляциясы жүргізілуде, тегін wi-fi алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы постерлер орналастырылған.

Сонымен қатар, Қарағанды, Балқаш қалаларының 4 кинотеатрында, қала және аудандардың лэд-экрандарында, білім ұйымдарында, ХҚКО, БЖЗҚ, Қазпошта, мәдениет үйлерінде, емханаларда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, «Южный» супермаркет желісінде жалпы 75 экрандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілімі қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік желілерде 25 бейне-жадынама, 85 әлеуметтік сұхбат, 6 сыбайлас жемқорлыққа қарсы вайн түсірілді және таратылды, сондай-ақ тұрғындар үшін кәсіби актерлерді тарту арқылы 7 театрландырылған қойылым қойылды.

 

Адал жол – честный путь

Облыстың барлық қала және аудандарында «эстафета» қағидаты бойынша «Адалжол – Честный путь» жобасы жүзеге асырылуда.

Аталмыш акция облыстың 13 қала және аудандарында (Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Сарань, Приозерск, Шахтинск қалаларында, Нұра, Осакаровка, Бұқар-Жырау, Қарқаралы, Абай, Ақтоғай және Шет аудандарында) өткізілді, оның қорытындысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнінде шығарылатын болады.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

 

Әкімшілік істерді тексеру

Жыл басынан бері Департаментпен 16 субъектке қатысты тексеріс іс-шаралары жүргізілді. Тексеріс іс-шаралары барысында мемлекеттік қызметтер көрсету заңнамасы бойынша
29544 бұзушылық анықталып, қорытындысы бойынша 31 тұлға (ескерту – 6, сөгіс – 16, қатаң сөгіс – 9) тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 107 ұсыныстар беріліп, қазіргі таңда барлық ұсыныстар толығымен орындалды.

Департаментпен тексеріс қорытындысы бойынша 12 лауазымды тұлғаға қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 11-і қысқартылған түрде. Барлық әкімшілік хаттамалар бойынша шешімдер күшіне енді. Әкімшілік айыппұлдар толығымен төленіп, бюджетке 413660 теңге түсті.

 

Қоғамдық кеңес отырысы

Департаменттің бастамасы бойынша жыл басынан бері облыс бойынша 6 Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәселелер және қызмет алушыларды ЭСҚ қамтамасыз ету және «Egov» ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету артықшылықтары жөніндегі жұмыстарды жандандыру қаралды.

 

Электрондық қызметтерді насихаттау

Департамент Мемлекеттік корпорация филиалымен бірлесіп электрондық қызметтерді дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Департаментпен уағдаластық негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері облыс ұйымдарында ЭСҚ беру бойынша уақытша пункттер құрады және сапарға шығады, соның барысында Мемлекеттік корпорация ЭСҚ алатын адамдарды оқытады, электрондық үкімет порталымен жұмыс істейді. Сондай-ақ МК қызметкерлері шалғай ауылдық мекендерде осыған ұқсас пункттер құрады.

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 283 мыңнан астам қызмет алушылар немесе 41% экономикалық белсенді азаматтар ЭСҚ алды. Аталмыш жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

2018 жылдың 9 айының ішінде Департамент қызметтер көрсетудің өзекті мәселелері бойынша барлығы 101943 адамды қамтыған 957 түсіндіру іс-шараларын жүргізді. Сонымен қатар, 80 телесюжет берілді, БАҚ-да 165 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде халықтың ақпараттандырылуын жоғарылату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында облыс аумағында «Қызмет алушылардың құқықтары мен шағымдану тәртібі туралы» (52250 дана) және «Электрондық қызметтерді насихаттау» (28 431 дана) тақырыптарында 80681 дана брошюра таратылды.

Департаменттің бастамасы бойынша (ЖАО келісім бойынша) облыстың барлық қала және аудандарында (кейбір кент және селолық округтерде) мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алуды үгіттейтін ақпараттық баннерлер орналастырылды (барлығы: 212).

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу кезінде мәселелер туындаған жағдайда азаматтардың шағым білдіруге мүмкіндігі болуы үшін аталған баннерлерде Департамент жөнінде мәліметтер бар.

2018 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы барлығы 221 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті.

Сонымен қатар, Департаменттің ұсынысы бойынша ХҚКО қызметкерлері облыстың барлық қалалары мен аудандарында «электронды үкімет» порталын пайдалануды үйрету бойынша практикалық семинарлар ұйымдастырды. Барлығы 3683 практикалық семинарлар ұйымдастырылды, онда 171973 азамат практикалық дағдылар алды.

Соның ішінде 19401 – мемлекеттік қызметші (оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де бағынышты ұйымдар), 151690 –азаматтар, 882 информатика мұғалімдері.

Департаменттің ұсынысына сәйкес, облысымыздың тұрғындарының цифрлік білімін жоғарлату мақсатында, 2018 жылдың басынан бері облыстың барлық қалалары мен аудандарында, оның ішінде ауылдық деңгейде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 9984 адам қамтылған 38 жәрмеңке өткізілді.

2018 жылға арналған қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 10 бейне-жадынамалар түсірілімін (түсіндірмелер) ұйымдастырды.

Департаменттің ұсынысымен, облысымыздың барлық 18 қала және аудандарында, яғни 404 объектілерде «Egov» ЭҮП арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу артықшылықтары туралы бейнероликтер және т.б. көрсетілуде.

Жүргізілген түсіндіру іс-шараларының нәтижесінде облыс бойынша электрондық нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі, қызмет берушілермен қағаз нысанда көрсетілгендерді қоспағанда (баламасыз -839585) барлық көрсетілген қызмет санының (8454022) 89,5%-ын (6812022 қызмет)
құрайды.

ВЖТ қызметі

Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының ұсынысы бойынша (бұдан ВЖТ) облыстағы 6 ЖОО мен 2 ОАОО-да ССӨ енгізілді («Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, «Болашақ» академиясы, ҚарМТУ жанындағы инновациялық-технологиялық колледж, ҚарМТУ жанындағы техникалық экономикалық колледж), бұл жерлерде электронды кезек бар, ол жұмыс тиімділігін арттыруға және сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетуге ықпал етеді.

2018 жылдың басынан бері бейнеконференцбайланыс арқылы 5 ВЖТ отырысы өткізілді, оның барысында қоғамдық мониторинг, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын талдау нәтижелері, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету объектілерінің қолжетімділігін ұйымдастыру бойынша талдау қорытындылары, Қарағанды қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында «Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген мониторинг қорытындылары, «электрондық үкімет» порталының артықшылықтары мен жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында халыққа қызмет көрсету орталықтарын енгізу мәселелері де қаралды.

Отырыс нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануды жоғарылату бойынша 52 ұсыныс әзірленді, соның ішінде қазіргі таңда 51-і орындалды, 1 ұсыныс орындау кезеңінде (орындау кезеңі - 30.10.2018 ж. дейін).

 

«Жасырын сатып алушы» жобасы

Ағымдағы жылдың 9 айының ішінде «Жасырын сатып алушы» әдісімен 157 кіріп-шығу ұйымдастырылып, 121 заңнама талаптарын бұзу анықталды, сол бойынша 61 ұсыныс енгізілді, қазіргі таңда барлығы орындалды.

«Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 29 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Департаменттің бастамасы бойынша ағымдағы жылғы 28 наурызда Осакаров ауданы ІІБ ТЕБ жабылды және аталмыш функция осы ауданның ХҚКО-на берілді.

Ағымдағы жылғы 30 мамырда осындай жұмыс Қарқаралы ауданында жүргізілді, яғни Қарқаралы ауданының ІІБ ТЕБ-ін «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Қарқаралы аудандық бөлімінің ғимаратына орналастырды. Енді «Жүргізуші куәліктерін беру» және «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметтері халыққа Арнайы ХҚКО қағидаты бойынша көрсетіледі, бұл жоғарыда аталған қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттарында ыңғайлы жағдайлар тудыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Мәселен, қазіргі күні облыстағы МКБ Қызмет көрсету орталығының 19-ның барлығы қызметтер көрсетудің кедергісіз әдісіне ауыстырылды.

 

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Әдеп жөніндегі кеңес

Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 6 отырысы өткізілді, онда 54 мәселе қаралды.

Жалпылай алғанда, қазіргі таңда Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың, әдеп нормалары бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған.

Сондықтанда сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттарын анықтау және жою Әдеп жөніндегі кеңес қызметінің басты бағыттары ретінде белгіленген.

Бұған Әдеп жөніндегі кеңеспен қарастырылған 54 сұрақтың тек 20-да ғана тәртіптік істердің қарастырылуы дәлел болады, бұл барлық-жоғы 37 %.

Әдеп жөніндегі кеңестің тек Кеңес отырысына қатысып қана қоймай, сондай-ақ Агенттіктің ұсынысы бойынша әдеп бұзушылықтарының алдын алу бойынша жеке қызметтерді де жүзеге асыратындығын айта кету керек. Атап айтқанда, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, облыстың шалғай қалалары мен аудандарына барады. Жыл басынан бері кеңес мүшелерімен барлығы 63 жеке қабылдау жүзеге асырылды, 190 адам қабылданды.

Сонымен қатар, кеңестің әрбір мүшесі мемлекеттік қызметшілерді Академия филиалының қабырғасында оқытуға тартылған.

Қозғалған 20 тәртіптік істердің 10-ы ОМО-дың аумақтық бөлімшелерінің, 9-ы ЖАО-ның қызметкерлері.

20 тәртіптік істердің 13-і Әдеп кодексінің нормаларының бұзылуы бойынша, 7-уі – кір келтіретін қылықтар жасағандығы үшін қозғалған.

20 тәртіптік істерді қарау қорытындылары бойынша, барлығы бойынша тиісті тәртіптік жазаны қолдануды ұсыну жөніндегі шешімдер шығарылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша 19 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды, соның ішінде, ескерту түріндегі – 8, сөгіс – 1, қатаң сөгіс – 1, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 9 (7 – кір келтіретін қылықтарды жасағаны үшін).

Барлық тәртіптік істер белгіленген мерзімде, Әдеп жөніндегі кеңес Ережесі мен Жұмыс регламентінің талаптарына сәйкес қарастырылды.

Қарастырылған тәртіптік істерді талдау мемлекеттік қызметшілермен негізінен, жалпы қабылданған 6 моральдық-әдеп нормаларының сақталмауымен (дөрекілік фактілерінің байқалуы, қоғам тарапынан сынға жол берілуі, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік көрсетпеу, көлікті мас күйінде жүргізу), сондай-ақ өздерінің функционалдық міндеттерін тиісті түрде орындамаумен – 5 (заңсыз актілерге қол қою, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының бұзылуы, бағыныштылардың қызметіне бақылаудың болмауы) байланысты Әдеп кодексінің талаптарының бұзылғандығын көрсетеді.

Әдеп жөніндегі кеңеспен қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша лауазымды тұлғаларға 100 ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді, бұл да бұзушылықтардың алдын алуға оң ықпалын тигізеді. Мысалы, егер өткен жылы қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін 41 мемлекеттік қызметші тартылса, осы жылы аталған сан 2 есеге, 18 қызметкерге дейін кеміді.

 

Әкімшілік істер

Сонымен қатар жыл басынан бері 27 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке, оның ішінде 14-і конкурс рәсімдерін бұзғаны үшін (99 бап), 13-і кірістер туралы декларацияны уақытылы ұсынбағаны үшін (274 бап) тартылды. Олардың барлығына 1070321 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

 

Бақылау функциялары

Жыл басынан бері Департаментпен 40 тексеріс жүргізілді, қорытындылар бойынша 544 бұзушылықтар айқындалды.

Талдау конкурс өткізу талаптарының40 (біліктілік талаптарына сай келмейтін адамдарға рұқсат беру, әңгімелесу рәсімін техникалық қолдаудың болмауы,бекітілген сұрақтардың болмауы,комиссия шешімдерін сайтқа орналастырмау,жеңімпаздарды лауазымға бес күнге дейін тағайындау және т.б.), аттестаттау өткізудің70 (аттестаттау нәтижелерімен таныстырмау), бағалау жүргізудің257 (бағалау нәтижелерімен таныстырмау, бағалау жүргізу мерзімінің бұзылуы, тікелей басшының бағалауының болмауы, комиссия отырысын демалыс күндері өткізу (формализм), бағалау жүргізілетіндігі жайлы хабарламаның болмауы және т.б.) тәртіптік жаза қолдану тәртібінің48 (қызметтік тергеп-тексеру жүргізбей жауапкершілікке тарту, белгіленген мерзімде таныстырмау, түсінік бермей жазалау, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу рәсімінің бұзылуы, қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен таныстырмау, материалдарды құзыреттілігі бойынша жібермеу және т.б.), тәлімгерлік бойынша - 29 (сынақ мерзімінен өту кезінде қызметкерге тәлімгер бекіту, қызметкерге тәлімгер бекітпеу, бір тәлімгерге екіден артық қызметкер бекіту, бір жыл бойы тәртіптік жазасы бар қызметкердің тәлімгерін резервке енгізу және сондай-ақ оған қызметкер бекіту) талаптардың жиі бұзылатындығын көрсетті.

Тексеріс қорытындылары бойынша заңдылықтың бұзылуын жою бойынша барлығы 19 ұсыныс және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуына байланысты қабылданған шешімнің күшін жою туралы 4 ұсыныс енгізілді.

Ұсыныстардың барлығы толық көлемде орындалды (100%).

 

Әдеп бойынша өкілетті

Есепті кезеңде әдеп бойынша өкілеттімен 48 өтінім қаралды, 249 азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды.

Сонымен қатар 1366 консультация берілді, 500 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 5 ұсыныс енгізілді, 46 бейнесюжет орналастырылды, баспалық басылымдарда 103 мақала жарияланды.

 

Азаматтардың өтініштері

2018 жылдың 9 айының ішінде 211 өтініш, соның ішінде, жеке тұлғалардан 170, заңды тұлғалардан 41 түсті.

142 өтініш (67,3%) бағыныштылығы бойынша қайта жолданды, 20-на (9,5 %) жазбаша түсініктемелер берілді, соның ішінде 4 өтініш бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

13 өтініш (6,2%) кезікпе өтініштің негізінде бақылаудан алынды, 28 (13,2 %) өтініш бойынша тексеріс жүргізілді, 2 (0,9%) бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді, 4 (1,9%) өтініш иесінің анықталмауымен байланысты тоқтатылды.

Өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 2 тәртіптік іс (оның ішінде 1 – кемсіткені үшін) қозғалды, ол Кеңес отырысында қаралды.

Өтініштерді қарастыру барысында Департаменттің өтініш бастамашысының және мүдделі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен, барысында өтініш берушілерге олардың өтініштерінде көрсетілген мәселелер бойынша түсініктеме берілетін жұмыс жиналыстарын өткізуді қолданатындығын атап өткен жөн.

 

Mobile version RSS Site map