скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 11 қыркүйекке Анонс

А.ж. 11 қыркүйекте сағат 11.00-де «Астана -адалдық алаңы» жобасының аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен орта білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізіледі.

Кеңес МҚІСЖҚА, СЖҚІҰБ, Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ видеоконференцбайланыс арқылы облыстық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен өтеді.

Спикерлер арасында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағанбетов, балалар үйінің директоры Динара Закиева.

Кеңесте мектептердегі алым-салымдар мәселесі және оны бірлесе шешу мәселесі қаралады.

Іс-шара Астана қаласы, Сейфуллина көшесі, 37 мекен-жайында өтеді.

Шараға қызығушылық танытқан журналистерді сағат 17.00-ге дейін қатысуға тіркеу жөнінде ақпаратты adgspkrk@gmail.com электрондық поштасына жолдауды сұраймыз. Сұрақтар бойынша 909276, 87017948631 (Тимур Жакеев– баспасөз қызметінің бас консультанты), 909280, 87027233367(Аида Жанабергенова – баспасөз қызметінің бас сарапшысы) нөмерлеріне хабарласуға болады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы