скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 13 қыркүйекке Анонс

А.ж. 13 қыркүйекте сағат 15.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өңірлерді видеоконференцбайланыс арқылы қосу форматында Агенттік және ҰКП ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының іске асырылуының аралық нәтижелері, «Protecting Business and Investments» жобасының аясында өзара іс-қимыл туралы кеңейтілген кеңес өтеді.

Іс-шара Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың төрағалығымен, «Атамекен» ҰКП Басқаруының төраға орынбасары Рустам Жүрсінов, «Атамекен» ҰКП сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Қ.Сүлейменов, СЖҚІҰБ басшысының орынбасары Шыңғыс Қабдула және мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Іс-шара Астана қаласы, Сейфуллина көшесі, 37 мекен-жайында өтеді.

Шараға қызығушылық танытқан журналистерді 13 қыркүйек сағат 10.00-ге дейін қатысуға тіркеу жөнінде ақпаратты adgspkrk@gmail.com электрондық поштасына жолдауды сұраймыз. Сұрақтар бойынша 909276, 87017948631 (Тимур Жакеев– баспасөз қызметінің бас консультанты), 909280, 87027233367(Аида Жанабергенова – баспасөз қызметінің бас сарапшысы) нөмерлеріне хабарласуға болады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы