скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 22-23 қазанға Анонс

А.ж.22 қазаннында сағ.14.30 – да, 23 қазанында сағ. 10.00 - де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Қазақстан Республикасының Парламенті СенатыТөрағасының Орынбасары Сергей Громовтың төрағалығымен «Ең үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының жеңімпазын анықтау жөніндегі конкурстық комиссиясының бірінші отырысы жоспарлануда. 

Конкурстық комиссияның мүшелері үміткерлермен әңгімелесу өткізеді. Бүгінгі таңда байқауға қатысу үшін орталықтандырылған мемлекеттік органдардың 11 әдеп жөнінжегі уәкіл және жергілікті атқарушы органдардың 15 әдеп жөнінжегі уәкіл құжаттарды ұсынды.

Еске алсақ, ағымдағы жылдың 22 қыркүйектен бастап  байқауға қатысу үшін өтініштер қабылдана бастады. Байқау қорытындысы бойынша «Орталық мемлекеттік органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» және «Жергілікті атқару органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» екі номинация бойыншажеңімпаздар анықталатын болады. Өз кезегінде, әдеп жөніндегі уәкілі жеңімпаз болып танылатын мемлекеттік орган «Ең ашық (әдепті) мемлекеттік орган» мәртебесін иеленетін болады.

Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында моральдық-әдептілік құндылықтарды насихаттау, әдеп жөніндегі уәкіл туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру болып табылады.

 

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы