скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2019 жылғы 06 ақпанына анонс

А.ж. 7 ақпанда сағат 10.00-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 2018 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.

Кеңейтілген алқа мәжілісінің ерекшелігі - өткізу форматының өзгеруі болады.

Алқа мәжілісінде Агенттіктің мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, мемлекеттік қызметшілермен этика нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу салаларындағы нәтижелерін қорытындылаумен қатар, мемлекеттік органның бағынысты мекемелері жұмысының қорытындысы шығарылады. Алдағы кезеңге қойылған тапсырмалар да жарияланады.

Агенттік алқасының қатысушылары: Агенттік,  оның бағынысты мекемелері мен аумақтық департаменттерінің басшылығы мен қызметкерлері, Қоғамдық кеңес пен Арнайы мониторинг топтың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Мемлекеттік басқару академиясы филиалдарының басшылары және МҚПБҰО өңірлерінің қызметкерлері (бейнеконференция арқылы), БАҚ өкілдері.

Модератор: «Atameken Business Channel» арнасының бас продюсердің орынбасары - Ерболат Мұхамеджан.

Кеңейтілген алқа мәжілісі екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде (10.00-нан 10.50-ге дейін) келесі АМТ мүшелері,  халықаралық ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҚР ҰҚП өкілдері және қоғам қайраткерлері сөйлейді:

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобының мүшесі, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры -  Рахым Ошақбаев

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары - Данат Жумин

«Grata» заң фирмасының серіктесі, танымал блогер - Ержан Есімханов

Шығыс Қазақстан облысының Новопокровка ауылдық округінің әкімі - Индира Бельская

Алматы облысының Үштөбе қаласының әкімі - Бекбосынов Рүстем

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палата  IТ кеңесі төрағасы - Мирус Кұрмашев

Арнайы мониторинг тобының мүшесі - Рафаэль Гасанов

Астанадағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) бағдарламалық кеңсесінің басшысы -  Дьердь Сабо

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) Тұрақты өкілінің м.а. - Виталий Времиш

«Transparency Kazakhstan» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры  - Ольга Шиян

Алқа мәжілісінің екінші бөлімінің спикерлері (11.00-нан 11.55-ге дейін):

Агенттіктің Төрағасы - Алик Шпекбаев

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Оңдасын Оразалин

Астана қаласының әкімі -  Бахыт Сұлтанов

Кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқысы келетін журналисттер 6 ақпан, сағат 17.00-ге дейін adgspkrk@gmail.com электронды поштасына аккредитация жіберуіңізді сұраймыз.

Байланыс тел.: 909276, 87017948631 – Тимур Жакеев, 909280, 87027233367 – Аида Жанабергенова

Кеңейтілген алқа мәжілісінің өтетін орыны: МҚІСЖҚА ғимараты ( Абай көшесі, 33а, дөңгелек зал, 2 қабат).


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы