ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен а.ж. 26 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өтеді.
Агенттік Төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.
Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.
Орналастырылған: 27.02.2019
Жаңартылған: 27.02.2019