скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

25 тамыз 2017 жылға Анонс

25 тамыз 2017 жылы Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик  Шпекбаевтың  басшылығымен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық  көшпелі семинар өтеді.

 Жиналыс жұмысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшылары, Алматы қаласының мемлекеттік органдары мен активтері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруды сыртқы бағалау және бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобының мүшелері, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелері мен бейнебайланысконференция арқылы орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Ведомоствоаралық жиналыстың дайындалуы барысында Алик Шпекбаев тұрғындарға, көші-қонға, мемлекеттік кірістерге, денсаулық сақтауға, халыққа қызмет көрсетулерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына сұранысқа ие қызметтерді ұсынатын бірқатар ұйымдарды тексереді. Осы объектілерге барған кезде азаматтардың  қызметтер сапасының төмендігі туралы шағымдары тыңдалды.

Жиналыс жергілікті атқарушы органдармен ғана емес, осы саладағы монополистер болып табылатын коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етілетін мемлекеттік қызметтердің проблемалық мәселелерін қарастырады, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық процедураларды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою және халықтың мемлекеттік қызметтерін көрсетуді жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар береді.

Қатысуға тілек білдірушілер өздерінің тілшілерін Алматы қаласына жібере алады.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы