скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

Департаменттің қызметі туралы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің

2018 жылы жүргізген жұмыстары жайлы

Ақпарат

                                

Мемлекеттік қызметті өткеру

Мемлекеттік қызмет кадрларына мониторинг  жүргізу

2018 жылы облыста 642 мемлекеттік орган өз қызметтерін жүзеге асырды.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штаттық саны- 7178,  нақты – 6404 адам, бұл 89,2%- ды құрайды.

Бос орын– 774немесе 12,1%болды.

Конкурстық іріктеу

2018 жылы 2563 бос лауазымдық орындарға орналасуға барлығы 1152 конкурс жарияланды. Соның ішінде 01.01.2019 жылғы жағдайбойынша 2511 немесе 98%бос орынға орналасуға арналған 1039 конкурс немесе 90,2%-ы аяқталды. Конкурс бойынша кандидаттар саны 2490 адамды құрады. Конкурсбойынша1 бос орынға 0,9 адамнан келді.

1355 адам немесе 53,9%-ы конкурс жеңімпаздары атанды, бұл ретте ішкі конкурс қорытындылары бойынша мансаптық ілгерілеуге 640 жеңімпаздар қатарынан 446мемлекеттік қызметшілер немесе 69,7%-ыие болды (ЖАО – 274 жеңімпаз, соның ішінде 222адамнемесе 81,1%-ыжоғары тұрған лауазымға тағайындалды, ОМО АБ - 366 жеңімпаз, соның ішінде 224адамнемесе 61,2%-ыжоғары тұрған лауазымға тағайындалды).

Тестілеу

2018 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру үшін 3198 адам тестілеуден өтті.

Соның ішінде 1621адам немесе 50,7%-ы шекті мәнненөте алмады,1573 адам шекті мәннен жоғары балл алды, бұл тестілеуден өткендердің жалпы санының 49,2%-ын құрайды(бұзушылықтармен байланысты тоқтатылғандар саны– 4 (0,1%).

Құқық қорғау қызметіне кіру үшін 3390 адам тестілеуден өтті.

Соның ішінде 1924адам немесе 56,2%-ы шекті мәнненөте алмады,1453 адам шекті мәннен жоғары балл алды, бұл тестілеуден өткендердің жалпы санының 43,5%-ын құрайды(бұзушылықтармен байланысты тоқтатылғандар саны– 13 (0,2%).

Мемлекеттік қызметшілердің ауысымдылығы

2018 жылы мемлекеттік қызметшілердің жалпы ауысымдылығы мемлекеттік қызметшілердің штаттық санына шаққанда 1368 адамды немесе 18,9%-ды құрады.

Таза ауысымдылық497 адамды немесе 6,9%-ды құрады
(ЖАО бойынша – 245немесе 6,5%,ОМО АБ –252немесе 7,4%)

Облыстағы мемлекеттік қызметшілерді бағалау

2018 жылы 4780 мемлекеттік қызметшілер бағалануы тиіс болды, солардың ішінде 4717 адам өтті, 63 адам іссапарда, жыл сайынғы еңбек демалысында, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болуына байланысты өте алмады.

Бағалаудан өткендердің нәтижелері: 2295(48,6%) – «өте жақсы», 2272 (48,2%) – «тиімді», 150 (3,2%) – «қанағаттанарлық»

Сынақ мерзімін тағайындау

2018 жылы 3+3 формуласы бойынша сынақ мерзімі 692 мемлекеттік қызметшілерге белгіленді. Солардың ішінде 541 мемлекеттік қызметшілер немесе 78,2%-ы сынақ мерзімінен сәтті өтті. Қазіргі сәтте 151 мемлекеттік қызметшілер немесе 21,8%-ысынақ мерзімінен өтуде.

Тәлімгерлер бекітілгенмемлекеттік қызметшілер саны - 490.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілерді оқыту

2018 жылы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудан оқытуға тиістілердің қатарынан 1791 адам немесе 100%-ы өтті(соның ішінде 1271 адам біліктілігін арттыру, 520 адам қайта даярлау курстарынан өтті).

Облыстағы мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізу

2018 жылы 178 қызметші тағылымдамадан өтуі тиіс болды. Өтуі тиістілердің ішінен тағылымдамадан барлығы өтті, атап айтқанда:

- ЖАО-дың қызметшілері – 106;

- ОМО АБ-нің қызметшілері – 72.

 «Б» корпусының қызметшілерін ротациялау

Облыс әкімінің аппаратымен бекітілген Ротациялау жоспарына сәйкес 2018 жылы D-О-1 санатындағы 7 мемлекеттік қызметші ротациядан өтуі тиіс болатын.

Анықтама үшін: 7 мемлекеттік қызметшінің ішінен 2017 жылдан ауысқан 2-уі  ротациядан өтуі тиіс еді (білімдеріне сәйкес келетін бос орындардың  болмауымен байланысты - Рыстин Н.Б., Агимбаев Е.М.).

Бұл ретте, Ротация ережесінің 39 тармағына сәйкес 6 қызметші ұсынылған лауазымнан бас тартты және олардың лауазымдары ұзартылды(Ахметов С.Ш., Жилкибаев Ж.А., Кантарбекова Г.Х., Рыстин Н.Б., Агимбаев Е.М., Шалмагамбетов А.Т.), 1 қызметші «А» корпусының бос лауазымына тағайындалуымен байланысты резервтен шығарылды (Бегимов К.Б. –облыс әкімінің 22.06.2018ж., №98-лс өкімімен атқарып отырған энергетика және ТКШ басқармасының басшысы лауазымынан босатылып Жезқазған қаласының әкімі лауазымына тағайындалды).

Автоматтандырылған режимде «Е-қызмет» жүйесіндегі кадрлық іс жүргізу жұмыстарын қамтамасыз етуге қатысты.

Қазіргі уақытта облыстың мемлекеттік органдарының«Е-қызмет» БАЖ-гі жұмысы автоматты түрде штаттық режимде жүзеге асырылады.

«Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ (бұдан әрі - ПБҰО АҚ) деректеріне сәйкес «Е-қызмет» БАЖ-де жасалған құжаттардың жалпы саны 31431-ді құрайды, соның ішінде:

         - 854 немесе 3,8%құжаттар қолмен енгізу режимінде жасалған;

- 30577 или 96,2%құжаттаравтоматты түрде штаттық режимде жасалған.

 

            Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

 

2018 жылы 9 (өткен жылда 12) Әдеп кеңесінің отырысы өткізіліп, онда 78 (69) мәселе, оның ішінде 25 (21)тәртіптік іс (15-і Әдеп кодексін бұзғаны үшін, 10-ы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін), 19(20) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмыстарының қорытындылары,  6 (2)мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметінің нәтижелері,11 (2)әдеп жөніндегі уәкілдердің есебі, 15 өзге де (ұсыныстарды орындау туралы, жұмыс жоспарын бекіту туралы) мәселелер қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша 2018 жылдың ішінде барлығы 24 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды, соның ішінде,15-і Әдеп кодексін бұзғаны үшін(ескерту – 8, сөгіс – 2, қатаң сөгіс – 3, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту – 2), 9-ы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар жасағаны үшін(барлығы да қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде).

Әдеп жөніндегі кеңеспен қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша лауазымды тұлғаларға 96 (86) ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді. Ұсынымдардың барлығы толық көлемде орындалды.

Әдеп жөніндегі кеңеспенәдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша 44 ұсынымдар мен ұсыныстар дайындалды, бұл да толық көлемде орындалды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен тәсілдерін жетілдіру мәселелері бойынша 3ұсынымдар мен ұсыныстар дайындалып, ол да толық көлемде орындалды.

Қазіргі күні Әдеп жөніндегі кеңеспен орындалған ұсынымдардың үлесі– 100%-ды құрайды.

Мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің бұзылуының алдын алу мәселелері бойынша133 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.

Жаңадан енгізілген жаңалықтардың бірі – Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жеке жұмысы болып табылады, яғни Кеңес мүшелері тек Кеңес отырысына қатысып қана қоймайды, сондай-ақ олар облыстың шалғай аудандары мен қалаларына барады, мемлекеттік қызметшілермен, тұрғындармен кездеседі, азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді Президент жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы филиалының қабырғаларында оқытуға ат салысады.

Жыл басынан бері Кеңес мүшелерімен барлығы 103 жеке қабылдау ұйымдастырылып, 277 азамат қабылданды.

Әкімшілік тәжірибе

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау желісі бойынша 43 (өткен жылы 9) қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік айыппұл сомасы 1 461 134теңгені құрайды.

Бақылау функцияларын жүзеге асыру.

Ағымдағы жылы Департаментпен 56 (70)тексеріс, соның ішінде 49 (50)– жоспардан тыс, 7(20)іріктеме тексеріс өткізілді.

Тексеріс нәтижелері бойынша 556 (631) мемлекеттік қызмет және қызметтік әдеп нормалары туралы заңнаманың бұзылуы айқындалды.

Тексеріс шараларын жүргізу барысында мемлекеттік қызметтуралы заңнаманың жиі бұзылатындығы айқындалды. Негізінен бұлар – конкурстық рәсімдердің, бағалау, аттестаттау жүргізудің, жауапкершілікке тарту тәртібінің және т.б. бұзылуы.

Тексеріс қорытындылары бойынша заңдылықтың бұзылуын жою бойынша барлығы 29 (40) ұсыныс және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуына байланысты қабылданған шешімнің күшін жою туралы 5 (7)  ұсыныс енгізілді.

Сонымен, орындалған ұсынымдар мен ұсыныстар үлесі100 %-ды құрады

Жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері мен өтініштерін қарауды өтініш берушімен тікелей байланыс қамтамасыз ете отырып, қатаң түрде құзыреттер аясында жүзеге асыру.

2018 жылдың 12 айының ішінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасына барлығы 302 өтініш, соның ішінде, жеке тұлғалардан 234, заңды тұлғалардан 68 түсті.

209 өтініш (69,2%) бағыныштылығы бойынша қайта жолданды, 27-не (8,9 %) жазбаша түсініктемелер берілді, соның ішінде 4 өтініш бойынша жұмыс кеңесі өткізілді. 17 өтініш (5,6%)кезікпе өтініштің негізінде бақылаудан алынды, 5 (1,7%) – жалған өтініштер, 5 (1,7%) өтініш тексеріс жүргізілмеуімен байланысты бақылаудан алынды, 39 (12,9%) өтініш бойынша тексеріс жүргізілді, 2 -уі бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді.

 

Өтініштерді қарастыру барысында Департаменттің өтініш бастамашысының және мүдделі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен, барысында өтініш берушілерге олардың өтініштерінде көрсетілген мәселелер бойынша түсініктеме берілетін жұмыс жиналыстарын өткізуді қолданатындығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, өтініштерді бағыныштылығы бойынша қайта жолдаған кезде өтініш берушіге өтініш бойынша қабылданған шешім туралы міндетті түрде ауызша тәртіпте түсіндіріледі.

Департаменттің стратегиялық жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуы жөніндегі тексерістердің нәтижелері бойынша құқықтары қалпына келтірілуі тиіс өтініш берушілердің қатарындағы адамдардың үлесі өтініш берген адамдардың жалпы санының 46%-нан кем болмауы тиіс. Қазіргі уақытта үлес 60,7 %-ды құрайды (28-ден 17 өтініш).

Әдеп бойынша өкілеттінің жұмысы

         Ұсынылған ақпаратқа сәйкес есепті кезеңде Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері аппараттарының әдеп бойынша өкілеттісімен 422 азаматтарды жеке қабылдау жүзеге асырылды, соның ішінде 56-сы көшпелі қабылдау, 1455 консультация берілді, 708 түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

         Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 66 өтініш түсті. Өтініштерді қарау қорытындылары бойынша 10 өтініш берушінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді. 10 өтініш бойынша материалдар құқық қорғау органдарына қарауға жолданды.

         Облыстық және аймақтық БАҚ-да 163 мақала жарияланды, республикалық және облыстық масс-медиаларда
59 бейне сюжеттер орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

2018 жылы Департаментпен 16 субъектке қатысты тексеріс іс-шаралары жүргізілді.Тексеріс іс-шаралары барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама бойынша
29 550 бұзушылық анықталып, тексеріс  қорытындысы бойынша 35 тұлға (ескерту – 7, сөгіс – 19, қатаң сөгіс – 9) тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша әзірленген ұсыныстар саны - 120, барлық ұсыныстар толығымен орындалды.

Департаментпен тексеріс қорытындысы бойынша 13 лауазымды тұлғаға қатысты 15 әкімшілік хаттаматолтырылды, оның ішінде 12-і қысқартылған түрде. Барлық әкімшілік хаттамалар бойынша күшіне енген шешімдер бар. Әкімшілік айыппұлдар толығымен төленіп, бюджетке 437 710 теңге түсті.

 

Департаменттің бастамасы бойынша жыл басынан бері облыс бойынша 13 Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді, онда мемлекеттік қызметтер көрсету бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәселелер және қызмет алушыларды ЭСҚ қамтамасыз ету және «Egov» ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету артықшылықтары жөніндегі жұмыстарды жандандыру қаралды.

Департамент Мемлекеттік корпорация филиалымен бірлесіп электрондық қызметтерді дәріптеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Департаментпен уағдаластық негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері облыс ұйымдарында ЭСҚ беру бойынша уақытша пункттер құрады және сапарға шығады, соның барысында Мемлекеттік корпорация ЭСҚ алатын адамдарды оқытады, электрондық үкімет порталымен жұмыс істейді. Сондай-ақ МК қызметкерлері шалғай ауылдық мекендерде осыған ұқсас пункттер құрады.

2018 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста 345 мыңнан астам қызмет алушылар немесе 50% экономикалық белсенді азаматтар (690 642)ЭСҚ алды.

2017 жылдың осыған ұқсас кезеңіндеоблыста 230 мыңнан астам  немесе 33% экономикалық белсенді азаматтарға(690 642)ЭСҚ берілді.

Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша қолданыстағы ЭСҚ саны 575 мыңды немесе83%экономикалық белсенді азаматтарды (690 642)құрайды.

Алдындағы жылдарда ЭСҚ алған азаматтардың белгілі бір бөлігінің ЭСҚ қайтадан алу үшін жыл сайын өтініш білдірмей, тек жарамдылық мерзімі (1 жыл) өтетін кезге дейін бір ай немесе жарты ай бұрын порталдағы жеке кабинет арқылы жарамдылық мерзімін тағы бір жылға өзі ұзартып алатындығын айта кету керек.

2018 жылы Департаментпен қызметтер көрсетудің өзекті мәселелері бойынша барлығы 128038 адамды қамтыған 1341түсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, 124 телесюжет берілді, БАҚ-да 225 мақала жарияланды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөнінде халықтың ақпараттандырылуын жоғарылату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында облыс аумағында «Құқықтар мен шағымдану тәртібі туралы» (66 317дана) және «Электрондық қызметтерді насихаттау» (33 758 дана) тақырыптарында 100 075 дана брошюра таратылды.

Департаменттің бастамасы бойынша (ЖАО келісім бойынша) облыстың барлық қала және аудандарында (кейбір кент және селолық округтерде) мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алуды үгіттейтін ақпараттық баннерлер орналастырылды (барлығы: 226).

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу кезінде мәселелер туындаған жағдайда азаматтардың шағым білдіруге мүмкіндігі болуы үшін аталған баннерлерде Департамент жөнінде мәліметтер бар.

2018 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету саласында барлығы 355 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті.

Департаменттің бастамасы бойынша жыл басынан бері Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік басқару академиясының филиалында «электронды үкімет» порталын пайдалануды үйрету мақсатында, курстарда оқыған 40 мемлекеттік қызметші«электронды үкімет» порталындағы жұмыс тақырыбына оқытумен қамтылды.

  Қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытумен қамтылғандардың үлесі 68%-ды құрады.

Сонымен қатар, Департаменттің ұсынысы бойынша ХҚКО қызметкерлері облыстың барлық қалалары мен аудандарында «электронды үкімет» порталын пайдалануды үйрету бойынша практикалық семинарлар ұйымдастырды.

Барлығы 4293 практикалық семинарлар ұйымдастырылды, онда 200 600  азамат практикалық дағдылар алды.

Соның ішінде 22 500  – мемлекеттік қызметші (оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері және мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де бағынышты ұйымдар), 176 971  –азаматтар, 1 129  информатика мұғалімдері.

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылы 29 желтоқсанда Қарағанды қаласында Цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВЖТ) ұсынысы бойынша облыстағы 8 ЖОО мен 70 ОАОО-да СҚКО-ы ашылды, бұл бір терезе қағидасы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіншілік береді. Сондай-ақ Департамент Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп облыстағы колледждердің СҚКО үшін жауапты тұлғаларға арнап «электронды үкімет» порталын пайдалануды үйрететін семинар ұйымдастырды. Іс-шарамен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 76 өкілі қамтылды.

2018 жылдың басынан бері бейнеконференцбайланыс арқылы 6 ВЖТ отырысы өткізілді, оның барысында қоғамдық мониторинг, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын талдау нәтижелері, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету объектілерінің қолжетімділігін ұйымдастыру бойынша талдау қорытындылары, Қарағанды қаласының денсаулық сақтау ұйымдарында «Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген мониторинг қорытындылары, «электрондық үкімет» порталының артықшылықтары мен жаңа мүмкіндіктері, сондай-ақ жоғары және орта оқу орындарында халыққа қызмет көрсету орталықтарын енгізу мәселелері де қаралды.

Отырыс нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануды жоғарылату бойынша 53 ұсыныс әзірленді, қазіргі таңда толықтай орындалды.

2018 жылы «Жасырын сатып алушы» әдісімен 173 кіріп-шығу ұйымдастырылып, 121 заңнама талаптарын бұзу анықталды, сол бойынша 61 ұсыныс енгізілді, қазіргі таңда барлығы орындалды.

«Жасырын сатып алушы» әдісімен жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 2018 жылы  29 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Департамент қызметкерлеріоблыстағы қоғамдық ұйымдармен бірлесіп 086/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтаманы заңсыз дайындау мен беруге арналған хабарландырулар сайтына мониторинг жүргізді.

Жүргізілген мониторингке сәйкес 086/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтаманыжеке ақы алу үшін (2,5 мың теңге)  заңсыз дайындау фактісі анықталды.

Аталған факті республикалық және жергілікті БАҚ-да кеңінен жарықтандыру арқылы ВЖТ отырысында қаралды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында облыстағы полиция Департаментімен бірлесіп 2018 жылы Осакаров, Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарының ІІБ ТЕБ жабылды және аталмыш функция осы ауданның ХҚКО-на берілді.Енді «Жүргізуші куәліктерін беру» және «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметтері халыққа Арнайы ХҚКО қағидаты бойынша көрсетіледі, бұл жоғарыда аталған қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 2018 жылғы 29 желтоқсанда Қарағанды облысының полиция Департаментімен бірлесіп облыстық көші-қон қызметі орталығының ашылуы болды, мұнда көші-қон қызметі мемлекеттік қызметін көрсету бір терезе қағидаты бойынша көрсетілетін болады.

Департаменттің ұсынысымен, облысымыздың барлық 18 қала және аудандарында, яғни 404 объектілерде «Egov» ЭҮП арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу артықшылықтары туралы бейнероликтер және т.б. көрсетілуде.

Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттарында ыңғайлы жағдайлар тудыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Мәселен, қазіргі күні облыстағы МКБ Қызмет көрсету орталығының 19-ның барлығы қызметтер көрсетудің кедергісіз әдісіне ауыстырылды.

Департаменттің ұсынысына сәйкес, облысымыздың тұрғындарының цифрлік білімін жоғарлату мақсатында, 2018 жылдың басынан бері облыстың барлық қалалары мен аудандарында, оның ішінде ауылдық деңгейде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 12 963 адам қамтылған 54 жәрмеңке өткізілді.

Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2018 жылға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 13 бейне-жадынамалар түсірілімін (түсіндірмелер) ұйымдастырды.

Жалпы алғанда, облыс бойынша электрондық нысанда көрсетілген қызметтердің үлесі, қызмет берушілермен қағаз нысанда көрсетілгендерді қоспағанда (баламасыз -1 142 424) барлық көрсетілген қызмет санының (10 656 10989%-ын (8 431 923қызмет)
құрайды.

            Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары(аудио, бейне роликтеркөрсету, плакаттаржәнебасқалары)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бөлігінде 5118 семинарлар (183 487 адам қамтылды), 24 дөңгелек үстелдер(1012 адам қамтылды),15 конференциялар мен форумдар(2386 адам қамтылды) өткізілді. Сонымен қатар 10 брифингтер ұйымдастырылды, 270 телесюжет берілді, БАҚ-да 292 мақала жарияланды, оның ішінде 105-і авторлық мақалалар.

Қаланың халық ең көп жүретін орындарына орналастырылған 47 арнайы дыбыстық құрылғыларында Департаменттің қызметі туралы аудиороликтер көрсетілді.

Қарағанды және Балқаш қалаларының «Сарыарқа», «Сарыжайлау», «Ленин атындағы» және «Әлем-Синема» 4 кинотеатрларында сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған бейне роликтер көрсету қамтамасыз етілді.

Сонымен бірге,Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск, Сәтпаев қалаларының, сондай-ақ Ақтоғай, Қарқаралы аудандарының лэд-экрандарында, облыстағы ЖОО-да, ХҚКО-ның күту залдарында, емханаларда, Ұлттық банк ғимараттарында, облыстағы мемлекеттік кірістер басқармасында орналастырылған мониторларда, «Южный» супермаркеттер желісінің 75 экрандарында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсету қамтамасыз етілді.

Облыстағы барлық қалалар мен аудандарда 194 дана мөлшерінде баннерлік өнімдер ұйымдастырылды.

Қоғаммен өзара араласу аясында, ДепартаментҚХА, діни бірлестіктер, кәсіподақ өкілдерімен, ЖОО-ның профессор-педагогтық құрамымен, студенттермен және Қарағанды облысының тұрғындарымен 160 әлеуметтік сұхбат түсірді, әлеуметтік желілерде 12сыбайлас жемқорлыққа қарсы вайндар орналастырылды.

1256 қоғамдық орындарға 64652 плакат таратылды.

«Әдебиет» және «Мұражай» жобалары

Облыстағы 70 кітапханада мемлекеттік қызметтің жағымды бейнесін қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсымәдениет қалыптастыруға бағытталған, кітаптар мен басқа да материалдар көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Қарағанды қаласындағы 21 кітапханаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық стендтер орналастырылды.

Облыстағы 17 мұражайда мемлекеттік қызметтің жағымды бейнесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылды.

Аталған жобаны жүзеге асыру аясында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының базасында Қарағанды облысындағы жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сынып оқушыларының «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбына арналған көрмесі ұйымдастырылды.

Қарқаралыдағы тарихи-өлкетану, Бұқар-Жыраудағы аудандық тарихи-өлкетану және Шет тарихи-этнографиялық мұражайларында бұрыштар құрылып, оған сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы материалдар орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау

Арнайы мониторингтік топ (бұдан әрі - АМТ) мүшелерінің тікелей қатысуымен жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін12 сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде 87 ұсыныс енгізілді, соның 56-сы толық көлемде орындалды. Яғни, 2018 жылдың нәтижелері бойынша орындалуы тиіс ұсыныстардың барлығы 100% орындалды.

Қалған 31 ұсыныстың мемлекеттік органдарға 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында жолдануына байланысты, олар 2019 жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылатын болады.

Талдау жүргізу барысында ең жиі байқалатын тәуекелдердің мүдделер жанжалымен, персоналды басқарумен және бақылау-қадағалау функцияларымен байланысты екендігі анықталды.

Қалалар мен аудандарда құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар

Облыстағы 18 қалалар мен аудандардың барлығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыс істейді. Аталған топтың құрамына Департаменттің, «Нұр Отан» партиясы филиалының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және басқалары кіреді.

2018 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтардың мүшелері 1020 еңбек ұжымына кіріп-шықты, 360 қоғамдық қабылдау жүргізді, жалпы 74 251 адам қамтылды.

«Азаматтық бақылау» («Жасырын сатып алушы») жобасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қоғаммен белсенді өзара араласу жүргізілуде. Мәселен, «Азаматтық бақылау» жобасы бойынша жұмыс жүргізілді.

Қарағанды қ., Бұқар-Жырау даңғылы, 24 мекен-жайында орналасқан бизнес орталық ғимаратында Қоғамдық қабылдау жұмыс істеді. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының ғимаратында да қабылдау жүргізіледі.

10 жазбаша өтінім қабылданды және қаралды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамдық қабылдауда 200 адам консультация алды.

Департаменттің бастамасы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында, әкімдіктерде, ХҚКО-да және Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшелерінде көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Осы мақсатта қоғамдық қабылдауда жылжымалы баннер жасалды.

«Жасырын сатып алушы» әдісімен әлеуметтік зерттеу жүзеге асырылды. Жобаны жүзеге асыру туралы хабарландыру әлеуметтік желілерде және Департамент сайтында, сондай-ақ аймақтық БАҚ-да таралды.

Мәселен, 22 қарашада арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен «жасырын сатып алушы» әдісімен жатақханаларға тексеру жүргізу аясында ақы төлеп студенттер жатақханасында тұруға болатындығы жайлы  факті айқындалды. Аталмыш факті Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің жатақханасында айқындалды. Колледж күзетшісі 5 мың теңге ақшалай сома үшін бір түнге студенттерге арналған жатақханаға бөтен адамды орналастырған.

Аталған жағдай 2019 жылғы қаңтарда келесі тексеру барысында қайтадан қаралды. Жоғарыда аталған бұзушылықтар түзетілді.

Осыған ұқсас фактілер ЖОО-на (ҚарМУ, ҚарМТУ,Медициналық университет) тексеру жүргізу кезінде де айқындалды.

«Адал жол» жобасы

«Адал жол» жобалық кеңсесі қызметінің аясында 2018 жылдың тамыз айынан бастап тұрақты негізде АМТ мүшелері Департамент және Қарағанды облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп қазақстан теміржол компаниялары жұмысының сапасына мониторинг жүргізді.

Мәселен, рейдтік іс-шара барысында 17 жолаушылар поездары тексеріліп, нәтижесінде жолаушыларды, жүкті және жолжүктітеміржол көлігімен тасымалдау Ережесінің бірқатар дөрекі бұзылулары, атап айтқанда өртке қарсы қауіпсіздік бөлігінде – 4, санитарлық талаптар – 30, билетсіз жолаушыларды тасымалдау – 1 анықталды.

Сондай-ақ АМТ мүшелерінің қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық жүйесіне және билеттер сататын жеке кассаларға мониторинг жүргізу мақсатында «жасырын сатып алушы» әдісі бойынша видеоға түсіру арқылы тапшы бағыттарға билеттерді алыпсатар/делдалдардан «бақылау үшін сатып алу» ұйымдастырылды. Шара барысында теміржол вокзалында «көмектесушілер» мен алыпсатарлар тіркелді. Анықталған фактілер бойынша бейне материалдар «Адал жол» жобалық кеңсесіне жолданды.

 

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасы

«Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асырған сәттен бастап әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ Департаменттің сенім телефонына облыс тұрғындарынан 73 өтініш түсті.

Келіп түскен 73 өтінімнің 20-сы білім саласындағы проблемаларға, атап айтқанда мектептердегі алымдарға, мектепке дейінгі мекемелердің, ЖОО қызметкерлерінің әрекетіне, Қарағанды қаласының колледждерінде орын алған мүдделер жанжалына, балаларды балалар бақшасына кезекке қоюға қатысты. Барлық өтініштер бойынша тиісті түсініктер берілді, қолданыстағы заңнаманы бұзған кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылды.

Аталған жоба шеңберінде Департаментке келіп түскен 11 ақпарат ТКШ, көлік және жер қатынастары мәселелеріне қатысты болды. Қозғалған мәселелер жалпы ПИК-нің қызметі, лифтілердің жұмысы, қоғамдық көліктердегі жол ақысының тарифы, жолдың сапасыз жөнделуі жайлы болды.

Түскен өтініштер бойынша қандай органдарға хабарласу қажет екендігі жайлы консультациялық көмек берілді, жазбаша өтініштер құзыретті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберілді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің әрекетіне – 3, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуына қатысты – 7, қызметтік автокөлікті мақсатсыз пайдалану туралы хабарламалар бойынша – 4, қызметтік әдеп мәселесі бойынша – 2, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша – 14 өтініш түсті.

 

«Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» жобалары

Облыстың барлық мектептерінде құрылған «Адал ұрпақ» клубтарымен (511) 2018 жылы 468 іс-шара өткізілді.

«Саналы ұрпақ» жобасының аясында ЖОО мен колледж студенттерінің арасында тұрақты негізде брейн-ринг форматында ойындар, дебаттық турнирлар мен бірыңғай сағаттар ұйымдастырылды.

Аталған жоба аясында студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды және «Адалдық алаңы» жұмыс істейді.

Департаменттің бастамасы бойынша облыстағы ЖОО мен колледждерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы омбудсмен» жобасы жүзеге асырылуда.

Жоба аясында студенттердің арасында түсіндіру жұмыстары, проблемалы мәселелерді анықтау мақсатында студенттермен кездесулер өткізіледі және сауалнама жүргізіледі.

«Адал жол – Честный путь» жобасы

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту аясында «Адалжол – Честный путь» жобасы жүзеге асырылды, ол облыстағы барлық қалалар мен аудандарды қамтыды.

Аталған жобаның қорытындылары Департаментпен 2018 жылғы желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған форумда жасалды.

«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы

Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу және инвесторларға қолдау көрсету бойынша фронт-офис ашылды. Департамент «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ-ның Қарағанды филиалымен, Қарағанды облысының аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, аталған бағытта тығыз жұмыс жүргізеді. Халыққа жоба қызметі туралы ақпарат беру мақсатында БАҚ-да 49 материалдар мен сюжеттер берілді, олардың арасында Nur.kz,Tengrinews, Kazinform, Forbes.kz, AbcTV сияқты ақпараттық ресурстар, сондай-ақ жергілікті және республикалық деңгейдегі телеарналар да бар.

Сонымен қатар, бізбен «AstanaTimes» ҚР ШІМ порталында ағылшын тілінде авторлық мақала жазылды.

Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге облыстағы 33 инвестор қосылды, жоспарланған инвестицияның жалпы сомасы - 1 триллион 442 миллиард теңгеден артық. Сонымен бірге облыстағы 23 кәсіпкерге консультативтік көмек көрсетілді.

 

Арнайы мониторингтік топ

2018 жылдың ішінде Арнайы мониторингтік топтың 4 отырысы өткізілді, оның барысында 16 мәселе қаралды, ЖАО басшыларының есептері тыңдалды және ұсынымдар берілді, олардың барлығы толық көлемде орындалды. Сондай-ақ АМТ сыртқы талдауға, рейдтік іс-шараларға қатысудан басқа, халыққа коммуналдық қызмет көрсету сапасы үшін қаладағы «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС және «Қарағанды Жылусбыт» ЖШС сияқты коммуналдық кәсіпорындарға да барып шықты.

«Театр өнері» жобасы

Облыс театрларында халықтың барлық топтары үшін сыбайлас жемқорлық тақырыбына арналған 8 театрлық қойылым ұйымдастырылды. Жалпы 1694 адам қамтылды.

Әкімшілік практика

Облыстың мемлекеттік қызметшілеріне заңсыз ақшалай сыйлық ұсынғаны үшін 2 азамат ӘҚБтК-тің 676 бабына сәйкес 240 500 теңге мөлшеріндегі (100 АЕК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары бойынша сотталған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік кәсіпорындардың 2 басшысы ӘҚБтК-тің 681 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір басшы бюджетке 120 250 теңге (50 АЕК) төледі.

 

 «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы

Астананың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесінің мысалында облыста «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылады.Қазіргі таңда жобаның Жарғысына сәйкес іс-әрекеттер жоспары жасалды, оған сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін «тұрмыстық» сыбайлас жемқорлықты жою бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Жобалау топтарының, сараптамалық кеңестің құрамы бекітілді.

 

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы