скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

Сәрсенов Жандос Шералыұлы
Сәрсенов Жандос Шералыұлы

Ж.Ш. Сәрсенов 1979 жылы дүниеге келген, «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін (2001), «мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (2010) тәмамдаған.

2001-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет еткен.

2011-2012 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2012-2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Орталық аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2014 жылдың 26 қарашасынан 2016 жылдың 14 қаңтарына дейін    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Қарағанды облысындағы Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

2016 жылдың 14 қантарынан 2016 жылдың  желоқсанына дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының  2016 жылғы 30 желтоқсанындағы №79 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңеcтің төрағасы болып тағайындалды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы