скрипт для АДГС

Стиль для галереи

  • Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.07.2019 г.

Қарағандының мамандандырылған ХҚКО жағдай туралы

Жол картасының аясында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен Мамандандырылған ХҚКО-нан және ХҚКО-нан емтихан – тіркеу жұмысы бөлімшелерін шығару, қалалық/аудандық емтихан – тіркеу жұмысы бөлімшелерін оңтайландыру, сондай-ақ теориялық және практикалық емтихан өткізу функциясын Мемлекеттік корпорацияға беру қарастырылған.

Осыған байланысты, бекітілген Жол картасы аясында келесі жұмыстар атқарылды:

- Қарағанды облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы емтихан – тіркеу жұмысы бөлімінің қызметкерлері Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1 үй мекенжайындағы Қарағанды облысының Полиция департаменті ӘПБ әкімшілік ғимаратының 2-қабатында орналастырылды;

- көлік құралын тіркеу үшін қажетті құжаттардың бар екенін және шектеудің жоқтығын Қарағанды облысының Полиция департаменті ӘПБ ТЕБ қызметкерлерімен онлайн-режимінде ішкі істер, салық және кедендік ақпараттық ресурстар арқылы тексеріледі;

- Полиция департаментінің қала/аудандық аумақтық ТЕБ қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар, тіркеу ісшаралары кезінде әлі де қиындықтар туындауда, яғни келіп түскен өтініштердің ӘПБ ақпараттық жүйесінің деректер базасына, одан әрі ЖШС «Laton» ақпараттық жүйесіне уақытылы түспеуінде.

Қалыптасқан жағдай Департаментпен талданып, нәтижесінде Мемлекеттік корпорация тарапынан барлық өтініштер қабылданып, ХҚКО ААЖ арқылы уәкілетті органға жолданып жатқандығы анықталды.

Алайда, ақпараттық жүйелердің ықпалдастырылуындағы техникалық ақаулықтарға және жүйенің ішінара кідірісіне байланысты өтініштер уәкілетті органға орындауға кеш түсуде (кей жағдайларда мүлдем түспеуде).

Қазіргі уақытта «ҰАТ» АҚ тарапынан жоғарыда аталған ақаулықтарды жою және «кідіріссіз жұмыс режиміне» шығу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Департамент Мемкорпорация филиалымен бірлесе отырып қызмет алушылар тарапынан жаппай наразылық пен тәртіпсіздікті орын алдырмау мақсатында түсіністікпен қарауды және сабырлық сақтау жөнінде дыбыстық хабарлама ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Мемкорпорация филиалымен қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыз су, сусындар, печенье және кәмпиттер жеткізу ұйымдастырылды.

 

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы